Алматының мемлекеттік табыс басқармасы тұрғындарды ЖК-ті (ИП) тіркемей, үйлері мен пәтерлерін жалға берген тұрғындар-ды айыппұлдармен, тіпті үйлері мен пәтерлерін тәркілеумен қорқытып отыр. Осы мәселеге қатысты заңгерлер: «Заңды жолмен алынған үйді тәркілеуге болмайды. Өркениетті елдердің бәрінде жекеменшік құқығы — азаматтық қоғамның киелі ұстанымы. Дегенмен, заңда бұның нақты себебі жазылмағанмен, Қазақстанда әкімшілік заңбұзушылық үшін мүлікті тәркілеуге болады, бірақ ақырғы шешімді сот қабылдайды. КоАП РК-ның 463 бабы тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз болмаса ескерту жіберусіз кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысқандарға жауапкершілікті қарастырады. Бұл жай адамдар үшін 15, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 25, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40, ірі кәсіпкерлік үшін 150 АЕК көлемінде айыппұл салуға немесе әкімшілік заңбұзушылықты жасауға қолданылған заттарды немесе құралдарды тәркілеуге түрткі болады», — деген түсініктеме береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз