REUTERS: «Испанияда Референдумға қатысқан сайлаушылардың 90 пайызы Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдады»,— деп хабарлайды. Басылымның мәліметінше, сайлауға өңірдегі 5,34 миллион тұрғынның 2,26 миллионы қатысқан. Осыған дейін Каталония басшысы Карлес Пучдемон референдум өткізілген соң Каталонияның Испанияға тәуелді емес екенін және осылайша, каталондықтардың тәуелсіздікке жеткенін мәлімдеп: «Сондықтан жақын арада референдум нәтижесі референдум жайлы заңға сәйкес шешім шығару Каталония парламентіне жолданады», – деген болатын. Еске сала кетейік, Каталонияда 1-і қазанда референдум өткен еді. Каталония тәуелсіздігі үшін өткен референдум кезінде полициямен қақтығыс салдарынан 38 адам жараланды. Полиция 2 315 учаскенің көп бөлігін бақылауға алған. Ал кейбір учаскелерде құжаттар алынып, полициямен сайлауға келген адамдар арасында қақтығыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз