Атырау қалалық мәслихатының депутаты әрі «Атырау Су арнасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Андрей Ташлыковқа бюджеттің миллион теңгесін қалтаға басқан деп айып тағылып отыр. «Атырау су арнасын» 10 жылға жуық басқарған шенеуніктің қазір не қамауда, не үйқамақта екені белгісіз. Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі: «2-і қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында қарастырылған («Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу») қылмысты жасады деген күдікпен 1965 жылы туған «Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей Ташлыковты ұстады»,— деген хабармен ғана шектелді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз