Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен Альварестің реваншына рұқсат берді. Былғары қолғап шеберлерінің кездесуін енді 2018-і жылдың мамырында өткізу жоспарланып отыр. Естеріңізде болса, осы екі боксшы арасында өтіп, ғасыр жекпе-жегіне баланған шаршы алаңдағы айқастың соңы дауға ұласқан еді. Көпшілік Головкиннің айқын басымдығын көргенмен, төрешілер итжығыс деген қорытындыға келген-ді. Кездесуден кейін кәсіби бокста жеңіліп көрмеген Головкин да қарымта қайтаруға дайын екенін бірден мәлімдеген. Кездесу шамамен келер жылдың 5-і мамырында өтуі мүмкін. Екі тарап нақты шешімдерін бүгін-ертең жариялаулары тиіс көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз