Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сату-сатып алу жөніндегі хабарламалар орналастырып отырған сайтты анықьтады, ол  — шетелдік бұқаралық ақпарат құралы екен. Бірақ оған Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы Интернет-пайдаланушылардың қолжетімділігі бар болып шықты. Ал, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағына сәйкес, адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) және ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сату-сатып алуға тыйым салынған. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабына сәйкес, тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.  Осыған орай, БҚО Тасқала аудандық сотының шешімімен аудан прокурорының өтініші қаңағаттандырылып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін, ҚР-дың барлық аумағында таралған сайт заңсыз деп танылып, оның ел аумағында таралуы тоқтатылды. Сот шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз