«Время» газеті: «Астанада «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» жетекшісі қызметін атқарған Қайыргелді Жанпейісов ұсталды»,— деп хабарлайды. Газеттің сайтында мемлекеттік қызметкердің ұсталу сәтінен бейнежазба жарияланған. Онда формадағы қызметкерлердің қомақты қаржыны санап, үстел үстіне қойып жатқаны түсірілген. Басылым атап өткендей, ол жерде шамамен 12-15 млн теңге және доллар мен еуро болған. Полициядағы дереккөздің мәліметінше, Жанпейісовті ұстауға бұрын қамауға алынған тренерлердің бірі көмектескен. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен келісімге келіп, өзінің бастығына ақшамен ғана емес, жасырын камерамен де барған екен. Қалалық сот Жанпейісовті екі айға қамауға алды. Қаулы 1-і қазан күні шығарылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз