*Бұрын маскүнем боп, батпаққа батып жатқан адамның бір күндері тап-таза, мұнтаздай, намаз оқып жүргегін көрсек, «діндар бола қалыпты ғой, кезінде құлап ішіп жүретін еді» деп табалаймыз. Оның түзелгеніне қуанбаймыз.
*Үнемі жұмыстан қуылып, жолы болмайтын адамның күндердің күнінде бір мекеменің бастығы болып отырғанын көрсек, күндейміз. «Баяғыда жұмысқа тұрақтамайтын еді, шіреніп бастық боп қапты» деп. Оның осындай жетістікке жету үшін не істегенін сұрамаймыз, өнеге алмаймыз.
* Бірнеше рет шаңырақ көтеріп, соңы ылғи ажырасумен аяқталып жататын жігіттің берекелі отбасының тірегі болып, көп балалы əке екенін көрсек, сенбейміз. «Талай əйелдің обалына қалып еді, мынаумен қалай тұрып жатыр екен?» деген күмəн тұрады.
*Жетістікке жету жолында адам баласы сан соқпақтан өтеді. Сүрінеді, қауқары болса, қайта тұрады. Бəлкім, ə дегеннен жолы бола қоймас. Бірақ өмірдің əрбір сəтін сабақ деп білген адам түбі бір нəтижеге жетері хақ.
*Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.

Асылзат Арыстанбекқызының
«фейсбук» парақшасынан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз