Ақтауда көпфункционалды спорт алаңы ашылды. Шараға ҚР Парламент Сенатының депутаттары, Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов және облыс спортшылары қатысты.
Жаңа алаң «Samruk-Kazyna Trust» қорымен «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасымен жүзеге асырылды. Бағдарлама бойынша, қазан айының соңына дейін Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарында 12 спорт және ойын алаңдары салынбақ. Қазіргі таңда оның алтауы қолданысқа берілді. Нақтырақ айтсақ, Ақтау қаласында төрт алаң және Мұнайлы ауданының Маңғыстау және Дәулет елді мекендерінде алаңдар пайдалануға берілді.
Айта кетсек, «Менің елім» өңірлерді дамыту бағдарламасы. Маңғыстау облысында аталмыш бағдарламаның аясында 50 мектеп байқау бойынша спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, есту, көру және ақыл-ой бұзылушылықтары бар түзелту мектептері арнайы құралдармен жабдықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз