Облыстық әкімдік қабырғасында Маңғыстау облысының әкiмi Ералы Тоғжанов бокстан әлем және олимпиада чемпиондарымен кездестi. Басқосуға облысымыздың спорт ардагерлері мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер және үздік спортшылар, сондай-ақ, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сіздер әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда үлкен үлес қосып жатырсыздар. Н.Ә.Назарбаев халықтың денсаулығының кепілі — бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. Бұқаралық спорт — ұлт саулығының кепілі. Сондықтан сіздердің көрсеткен жетiстiктерiңіз өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын мысал. Биік белестерді бағындырып, ел атын шығару жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін, — дедi облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жиынға Серік Абденалиев, Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов, Ердос Жаңабергенов, Лебзяк Александр, Рустам Саидов сияқты спорт шеберлері қатысып, облыс әкіміне жастарға мол мүмкіндік жасап отырғаны үшін алғыс айтып, өңір басшысы Ералы Тоғжановқа былғары қолғап сыйлады.
Сондай-ақ, сол күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс орталығында бокстан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Х халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз