ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Заң жобасындағы өзгерістерді айтып берген ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов: «Бұл жоба еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіп жатқан қылмыстық саясатының жалғасы. Оның басты концепциясы – қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру және осы қылмыстық процеске қарапайым халықтың көзімен қарау. Бұл заң жобасы 5 маңызды бағытты қамтиды. Бұл бағыттар қылмыстық процесті жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталып отыр. Бірінші бағыт – қылмыстық процесте адамның құқын қорғау деңгейін арттыру. Екінші бағыт – қылмыстық процесте жарыспалықты күшейту. Тағы бір мәселе – сотқа дейінгі сот бақылауын күшейту. Төртінші бағытымыз – тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру. Тағы бір бағыт – тергеу, прокуратура және сот өкілеттіліктерінің қайталануын болдырмау. Оларды нақты бөлу. Бұл шаралар қылмыстық процесті жаңғыртуға, оны жетілдіруге бағытталған. Жалпы мұның бәрі дамыған елдерде бар. Ұсынылып отырған заң жобасы адамның жанына бататын нақты мәселелерді шешуді көздейді. Бұл орайда, бірінші мәселе – адамды санкциясыз ұстау мерзімі. Конституция оның жоғарғы шегін бекіткен. қазір ол 72 сағат. Оны біз 48 сағатқа қысқартуды ұсынып отырмыз. Ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағат қысқарту керек. Мұндай ұсыныс неден туып отыр дейсіздер ғой? Ең бастысы бұл — адамның құқығы. 48 сағат – ол халықаралық стандарт. Барлық дамыған елде осы мерзім көрсетілген. Біз де оған ұмтылуымыз керек. Бұл жерде адамның құқығы аяққа тапталады. Оларға қылмысты қинап мойындату және тағы басқа әрекеттер жасауы мүмкін. Сондықтан осы саланы одан әрі жетілдіріп, мерзімді қысқартып, прокуратура қадағалауын күшейту талабы қойылып отыр.  Алайда 72 сағат санкциясыз ұстау мерзімі терроризм және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, есірткі тасымалдау, балаларды зорлау, қасақана адам өлітур секілді ауыр қылмыстар үшін және  төтенше жағдай кезінде адамды сотқа уақытында жеткізу мүмкіндігі болмаса, өзгеріссіз қалады»,— дедген түсініктеме берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз