islam.kz: «Ресей Ауыл шаруашылық министрі Александр Ткачевтің өрескел қателігі ел президенті Владимир Путиннің еріксіз күлкісін келтірді.  Лауазымды шенеунік ауылшаруашылық мәселесі жайында өткен үкімет жиынында Германияның ет экспортын мысалға келтіріп, аталған елдің Азия елдеріне, соның ішінде, әлем бойынша мұсылмандар саны жағынан көш бастап тұрған Индонезияға доңыз етін экспорттағаны турасында айтып қалған болатын. Осы тұста Путин баяндамашының сөзін бөліп, қателігін түзеткен. Министр еш саспастан: «Мақұл, онда Оңтүстік Корея»,— деп,  артынша: «Мұның қандай айырмашылығы бар?» — депті. Бұған Путин еріксіз күліп жіберсе керека»,— деп хабарлайды. Аты аталған шенеунік былтыр да отандық доңыз шаруашылығы жайында сөз қозғай келіп, Иранға доңыз етін экспорттау жайында айтып қалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз