Шарипов Шаймардан Махаметұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ассамблея туралы» заңды әзірлеу тобының мүшесі, «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» Республикалық заңгерлер қоғамдасты-ғы төрағасының орынбасары қызметтерінде жүріп, қоғамдық қыз-меттегі жетістіктері үшін ҚР Президентінің, Конституциялық кеңестің, ҚР Ассамблеясының алғыс хат, марапат қағаздарына ие болған. 2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен, 2009 жылы «Қаз ҰУ 75 жыл» медалімен, Қаз ҰУ университеті Ректорының мақтау және алғыс хаттарымен марапатталған.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін Шаймардан Махаметұлы Рес-публикалық бұқаралық ақпарат өкілдеріне құқықтық жүйе мен заңнаманы толықтыру жолында ұсыныстарын білдіріп отырады.
2014 жылдан бері Қазақ Ұлт-тық аграрлық университетінің құқық кафедрасының профессоры Шарипов Шаймардан Махаметұлы біздің кафедрамыздың, факультетіміздің, уни-верситетіміздің ерекше тұлғасы. Біз сізбен мақтанамыз!
Шаймардан Махаметұлы, 55 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Өзіңіздің жеткен жетістіктеріңізбен, еңбектеріңізбен көптеген білімді шәкірттер тәрбиелеп, ортамызда бізді қуантып жүре беріңіз!

ҚазҰАУ-нің «Құқық» кафедрасының оқытушылары
Төленді М.А., Таджиханова Б.Т.,
Байзақова Р.Б., Үкібаева Қ.Е.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз