Ақтауда өткен халықаралық бизнес форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов әлемнің жетекші жеті компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Атап айтқанда, 2005 жылы негізі қаланған Дубайлық «DP WORLD» компаниясының өкілімен екі жақты келісімшарттың шарттары талқыланды. Бұл компаниямен облыс басшысы бұған дейін де бірнеше рет кездесу өткізген. Айта кетейік, шетелдік мекеме көп уақыттан бері әлемдік нарықта жүк тасымалдаумен айналысады.
Ал малайзиялық «Reach Energy» компаниясы — қара алтынды тиімді игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан мекеме. Аталмыш кәсіпорын мұнайлы өлкеде көгілдір отынды қайта өңдеп, оны сұйытумен айналысуға дайын екенін жеткізді. Егер екі жақты келіссөздер оң шешімін тапса, олар 2018 жылдың соңына дейін 55 мың тонна газ өндіретін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз