Құрамы:
Дайын күлше
2 жұмыртқа
100 гр қант
400 г маскарпоне
Кофе
Какао

Жасалуы:
Кофені қою қып қайнатып аламыз. Жұмыртқаның ағы мен сарысын бө-лек аламыз. Жұмыртқаның сарысына қант қосып араластырып, маскарпоне қосамыз да, миксермен жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаның ағын жақсылап араластырып, алдыңғы дайындаған кремге жаймен қосамыз. Тирамису кремі дайын.
Енді арнайы ыдыста күлшелерімізді кофеге батырып қойып шығамыз да, үстінен дайын кремімізді тегістеп жағып, қайта күлшелерімізді кофеге батырып қойып шығамыз. Ең үстінен қалған кремімізді жағып, жақсылап какао себеміз де, тоңазытқышқа бір тәулікке қоямыз.

Жұлдыз Әбіл

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз