Қырғызстан вице-премьер-министрі Дуйшенбек Зилалиев: «Қырғыз үкіметі Қазақстанның 100 млн доллар көмегі туралы келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке жолдады. Біз бұл көмектен бас тартамыз деп шештік. Басқа сөзбен айтқанда, енді біз көмекке зәру емеспіз. Біз қаржы көзін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерлерден іздестіреміз. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастығының талаптарына сай 14 зертхана құрылысы аяқталып қалды. Оны өзіміз қаржыландырамыз. Жыл аяғына дейін олардың көбісінің құрылысы аяқталады»,— деп мәлімдеді. Хабарларларға қарағанда, Қазақстанмен келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке экономика министрі Артем Новиков таныстырады. Құжат кезектен тыс қаралады. Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар бөлуі туралы келісім өткен жылдың аяғында Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңестің отырысында қабылданған. Қаражаттың алғашқы бөлігі — 41 млн доллар кеден, көлік инфрақұрылымы, ақпараттық әріптестік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фитотазалық және ветеринарлық шараларға арналған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз