Билік алдағы үш жылдың бюджетін Сенатқа таныстырған кезде, мемлекеттің миллардтарын бөлгізіп, тағы бір ұлттық компания — «Қазақ туризмді» құрған Үкіметті сынаған сенатор Бірғаным Әйтімова: «Ұлттық экономика министрілігінің саясатын түсінбедім. Тұрғындардың денсаулығына, адам өміріне қатысты мәселе көтерсек, ақша жоқ дейсіздер. Ал туризмге қаржы қайдан табылды? Әлде ұлттық компаниялардың басшысынан қарапайым қызметкерлеріне дейін асырау — мемлекеттің міндеті ме? Туризм – бизнестік орта. Оған бюджеттің ақшасын шашып, компания құруға болмайды. Акционерлік қоғам болып құрылған ұлттық компаниялар өз күнін өздері көрсін. Бұл да бизнес. Қазынаға алақан жаятын жөні жоқ»,— деп, министірлікке қатты шүйлікті. Жаңадан құрылған «Қазақ туризм» ұлттық компаниясына бөлінген қыруар қаржыны көріп, депутаттар шалқаларынан түсті. Жалпы туризмге келесі жылғы бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге қаралған. Оның 635 миллионы «Қазақ туризм» компаниясына берілмек. Депутаттар әлеуметтік, денсаулық сақтау саласына ақша сұраса, шенеуніктер «қаржы жоқ» деп жолатпайды екен. Алайда, атқамінерлер алған бетінен қайтар емес. Айтуларынша, туризмге салған қаржы еселеп қайтады-мыс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз