Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында Қызылорда қаласындағы № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Асылхан Тұрар алтын медаль иеленді. Ол велоспорттың ең ауыр түрі — омниум жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлделер санын толықтырды. А.Тұрар велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның бапкері — жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов. Енді Асылхан қараша айында өтетін Әлем кубогында топ жаруды көздеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз