Ақтөбедегі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы Әбдіхат Мырзалин 9 айды қорытындылап: «. Биыл 444 мың гектар жер аумағының пайдаланылуы тексерілді. Барлығы 100-ден астам заңбұзушылық тіркелді. 21 құқық бұзушыға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, 42 жер пайдаланушыға ескерту жасалды. Ауыл шаруашылығы мақсатында берген жер телімін пайдаланбай отырғандарға тағы 1 жыл беріліп, жерді игеруге мүмкіндік жасалды. Талаптар мен ережелер туралы ескертуден соң 10 агроқұрылым 5 мың гектар жерді өз еркімен мемлекетке тапсырды. Жалпы өңірде мақсатты пайдаланылмай жатқан 104 мың  гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды. Ал 63 дерекке қатысты әкімшілік іс өндіріске жіберілді Жерді мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару үшін 4 агроқұрылымға қатысты талап арыз экономикалық сотқа жолданды. Оларда  94 мың га жер телімі бар. Мәртөк ауданындағы «Казанка» ЖШС-де  2 мың, «Қарасор – А» ЖШС-де 7 мың, «Шанды – Агро» ЖШС-де 7 мың, ал Байғанин ауданындағы «Еділбай – Байғанин» ЖШС-де 78 мың гектарға жуық жерді қайтару туралы арыз сотта қаралып, қанағаттандырылды. Өңірде мемлекетке қайтарылған жерді қайта айналымға беру де мәселе болып тұр. Қазір қайтарылған жердің 33 мың гектары айналымға енгізілген жоқ. Ақтөбеде коммерциялық құрылыс нысандары үшін берілген жерді уақытылы пайдалана алмаған компаниялардың тізімі анықталды. Барлығы 3 гектарды құрайтын 6 жер телімі мемлекетке кері қайтарылды. Жерді заңсыз иемденіп алатын шаруалар да кездеседі. Биыл 16 құқықбұзушылық анықталды. Оларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ақтөбенің Ойыл ауданында «КВА OIL Company» ЖШС тексеріліп, 3,11 гектар болатын мемлекет жерін өз бетінше басып алынғаны анықталды. Жер пайдаланушыға 680 мың теңге айыппұл салынды»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз