РИА Новости: «Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония парламентін таратып, сайлауды 21 желтоқсанға белгіледі. Бұл туралы Рахой министрлер кеңесінің шұғыл отырысынан кейін баспасөз конференциясында мәлімдеді»,— деп хабарлайды.  Премьер-министр женералитатты таратып, оның басшысы Карлес Пучдемонды, сондай-ақ Каталония полициясының басшысын қызметінен босатқанын жариялады. Ол өзін-өзі басқару жүйесі тоқтатылғанын, таяуда каталондықтар үшін заң қайта орнап, қалыпты жұмысқа оралатынын атап өтті. «Құқықтық мемлекет заңның орындалуына кепілдік беретін құралдарға ие екенін дәлелдейді»,— деп толықтырды сөзін Рахой. Естеріңізге сала кетейік, Каталония парламенті жұма күні Испаниядан тәуелсіздік алуды жариялауға дауыс берді. Тәуелсіз ел болуды 70 депутат қолдаған. 10 депутат қарсы болса, тағы екеуі қалыс қалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз