Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері әрі ұстазы Маман Байсеркеұлының қайтыс болуына байланысты аталған ЖОО ұжымына, марқұмның туған-туысқандары мен ет жақындарына қайғырып көңіл айтады. Маман ағамыз 1937 жылы13 ақпанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Екінді ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1964 жылы бітіріп, көп жылдар бойы облыстық драма театрларында жемісті еңбек етті. Өнер саласында оның режиссер ретінде де қолтаңбасы қалды. Жаңа көзқарас пен тосын шешімдерге бейім режиссер қойған спектакльдер — қалың көрермен ықыласына бөленген көрнекті туындылар. Оның қаламынан «Түлен түрткен тіленші», «Қолтаңба және қойылым», «Сахна және актер» атты ой-толғау кітаптары жарыққа шыққан. «Құрмет» орденінің, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымдарының профессоры, Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты сынды құрметті атақтардың иегері. Марқұмның жатқан жері жарық, иманы жолдас болып, Алла Тағала оның жанын жәннатта еткей деген тілек білдіреміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз