Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рудный балалар үйінде өзінің «ізбасарымен» жолықты. Осы мекемеде тәрбиеленіп жатқан жеті жасар Коля Денисов бұған дейін елге президент болғысы келетінін айтып жар салған болатын. «Мен күреспен, тенниспен айналысамын, сурет салу үйірмелеріне барамын. Менің арманым — президент болу. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, президент болу үшін не істеу керек?»— деп сұрады бала Елбасынан. Президент болса: «Мен кім президент болады екен ойланып жүрсем, ол мына сен екенсің ғой!»,— деп әзілдеді. Қоля бүгінде өзінің «арманына» біртабан жақындап та қалды. Мәселен, ол балалар үйіндегі «Шанс» деп аталатын шағын «мемлекеттің» әкімі болып тағайындалған. Коля сабағын жақсы оқып, спортпен шұғылдана беретінін айтты. Ол осы арқылы өзінің асқақ армандарына қол жеткізетініне сенімді екенін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз