life.ru: «Group-IB халықаралық компаниясы банкке қатысты алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтықтың бұл түрі банктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында белсенді деп танылған. Хакерлер клиенттердің әлеуметтік желіде жазған сұрақтарын (комментарийлеріне) талдап, кейін оларға банк қызметкері ретінде хабарласқан. Кибер қылмыскерлердің мақсаты – құрбандарының картасындағы ақшасына қол жеткізу. Атап айтқанда, олар адамдардың сеніміне кіріп, ақша аударуды растайтын SMS код, нөмір немесе картаның верификациялық кодын (CCV) біліп алған. Олар көбінесе «ВКонтактедегі» тобынан көп адамды құрығына түсірген. Сарапшылар бұлардың мұндай схемамен «Фейсбукте» де жұмыс істеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды»,— деп жазады. Айта кетейік, Group-IB халықаралық компаниясы кибершабуыл және хакерлермен байланысты қылмыстарды тоқтату және тергеумен айналысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз