man and woman hand closeup with home keys representing buying and selling new apartment and real estate concept

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы депутаттарының қатысуымен «Мемлекет басшысының «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының аясында «Ұлт жоспары» 98-қадамды іске асыру 4 деңгейдегі бюджет пен коммуналдық меншікті жүзеге асыру дайындығы» тақырыбындағы отырыста депутат Уәлихан Қайназаров: «Елді мекендердегі үйлерді қалай заңдастырамыз? Сонымен қатар олардың арасында осыдан 10-15 жыл салынған үйлер де бар. Мәселе — сонда. Мен Шымкент қаласының төңірегінде заңсыз салынған  мыңдаған учаскені тауып бере аламын. Тіпті мен кезінде жұмыс істеген ауданның өзінде бұл мәселені қалай шешеміз деп басымыз қатқан. Ауданға қарайтын Қарабұлақ ауылының өзінде 2500-3000 үй болды. Бәрі зәулім үйлер. Соларды біз заңдастыра алмадық. Демек, біз мәселені шешу үшін заңға өзгерістер енгізуіміз қажет. Заңды уақытша қабылдап, осындай мәселе туындамайтындай етіп, проблеманы шешу керек. Мысалы, бір азаматтың жер учаскесі бар делік. Ол сол жерді алады да бірнеше бөлікке бөледі. Содан кейін әлгі жерді халыққа береді. Олар сол аумаққа үйлерін салып алады, бірақ оны заңдастыра алмайды.  Себебі, олардың қолында ешқандай құжат жоқ. Мұндай азаматтар Алматы, Астанада көп болса, Шымкентте өте көп. Бұл проблема шешілмесе, ушыға береді. Егер заңмен қарасақ, ондай үйлер бұзылуы керек. Алайда жоғарыда мен атаған мысалдардағы үйлердің аумағы өте үлкен. Ол жақта халықтың тұрғанына 15 жыл болды. Бұл мәселені айыппұлмен, қорқытумен шеше алмаймыз. Халықты одан әрі ашуландырып аламыз. Салдарынан мәселе ушыға түседі. Менің ойымша, бұл үйлерді заңдастыру керек. Бірақ, кұшке сап, қорқытып-үркітудің қажеті жоқ», — деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз