Қалалық мәслихаттың отырысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі көлік секторының меңгерушісі Марат Асылбеков: «Жеңілдіктерге оқушылар мен жастар, яғни барлық мектеп оқушылары мен ЖОО-да оқитын студенттер ие болады. Бұл үшін жылына 998 миллион теңге қаржы керек. Бұл қаржыны біз ешқайдан сұрап отырған жоқпыз. Барлық шығынды тасымалдаушылар өз мойындарына алады. Олармен ортақ меморандум жасалған, қазір осы жағдайды қарастыратын боламыз», – деді Марат Асылбеков. Егер мәселе осылай шешілсе, Кереку оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін тасымалдайтын жеңілдік жасаған еліміздегі алғашқы қала атануы мүмкін. Естеріңізге салсақ, өңірдің көлік қызметкерлерінің одағы облыстық әкімдікке жолақы бағасын 70 теңгеден 80 теңгеге қымбаттату жөнінде кезекті рет ұсыныс хат жолдаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз