Астанада Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы, елдің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин: «Қазақстан Қырғызстаннан сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізуді тоқтатты. Оған себеп, көрші елден Қазақстанға талапқа сәйкес келмейтін тауарлар кіргізу көбейген. Тек қазан айында талапқа сәйкес емес қырғыз азық-түлік өнімдері үлесі 23,4 пайызға, жеңіл өнеркәсіп тауарлары үлесі 44 пайызға жеткен. Сондықтан сапа және қауіпсіздікті бақылау үшін шекара бекеттерінде қырғыз өнімдерін кіргізуге бақылау күшейтілді. Мен «Ак-Сүт», «РИХА», «Куликов кондитерлік үйі» сияқты Қырғыз Республикасындағы кәсіпорындардың сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізуді және сатуды тоқтату туралы өкім шығардым», — деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз