Үкімет сағатында тағы бір жағымды жаңалық айтылды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, сарылып кезекке тұрмайтын болады. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тәптіштеді.

«Мемлекеттік қызметтерді адамның өзі қатысуынсыз, толықтай электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, тіркелген жеріне немесе тұратын жеріне байлау, ЦОН-ға міндетті түрде бару, бір қызметті алу үшін бірнеше мемлекеттік органға бару сияқты мәселелер шешіледі», — деді ол сеніммен.
Министр жаңа принципті нақты мысалмен түсіндірді. Енді ата-аналарға баланың аты-жөнін жазып жіберу туралы sms-хабарламалар келетін болады, осылайша туу туралы куәлік, жәрдемақыға арналған нөмір, балабақшаға кезекке тұруға керек мекенжай деректері дайын болады.
«Өтініш берушіге мемлекеттік корпорацияда қызметтің нәтижесін алу немесе қызмет нәтижесін үйге жеткізуге тапсырыс беру ғана қалады. Осы принципті зейнетақы беру саласында қолдану да жоспарланып отыр», — деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз