Елордада Тұңғыш Президент күнiне арналған «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделi» халықаралық парламенттiк конференциясы барысында Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Қазiр елiмiзде iске асырылып жатқан «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы» бағдарламасын ойдағыдай орындау үшiн барлық алғышарт бар. Бiрiншiден, мемлекет басшысы стратегиялық мақсаттарды айқындай отырып, жаңа мiндеттердi жариялап қана қоймай, оларға қол жеткiзу бойынша нақты iс-қимылдар ұсынады. Әрi мемлекеттiк органның, әр азаматтық қоғам институтының және тұтастай алғанда барлық қазақстандықтың орны мен рөлiн айқындайды. Екiншiден, елiмiз орасан зор ресурстарға ие. Қазақстан табиғи ғана емес, бiрiншi кезекте, жоғары шығармашылық және зияткерлiк әлеуетi бар сапалы адами капиталға ие. Ең бастысы, бiзде бүкiл қазақстандық қоғамда өзгерiстерге, жарқын болашаққа деген ұмтылыс бар. Өз күшiне деген сенiмдiлiк, тәуелсiздiктiң мызғымас құндылықтарына деген сенiмдiлiк, бiрлiгiмiз және Тұңғыш Президент төңiрегiнде ел болып топтасу — қазақстандықтардың ерекше сипаты. «Бiр ел, бiр ұлт, бiр көшбасшы» деген үштұғырлылық елдi жаңғырту табыстылығының негiзгi факторлары саналады және солай болып қала бермек. Бiздiң елге жаңа көзарастар мен идеяларға деген ашықтық әрдайым тән болған»,— дедi. Жиынға Ресей, Әзербайжан, Түркия, Болгария, Мажарстанның парламент басшылары, бiрқатар шет мемлекеттiң парламент депутаттары мен Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестiрушiсi Норимаса Шимомура қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз