korrespondent.net сайты: «Иран билігі Батыс мәдениетінің әсерінен қорқып отыр. Содан да болар,билік тарапынан елдегі бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды. Мемлекет лидері аятолла Али Хаменеидің айтуынша, шет тілі Батыс «мәдениетінің келуіне» тікелей әсер етіп отыр»,— деп хабарлайды. Ал жоғары білім бойынша мемлекеттік кеңестің төрағасы Мехди Навид-Адхам болса: «Мемлекеттік және жекеменшік мектептерде ағылшын тілі оқытылатын болса, бұл заң мен ережелерге қарама-қайшы келеді»,— деп отыр. Естеріңізде болса, ресми Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Иранда билікке қарсы акциялар өткен болатын. Халық билік пен экономикалық жағдайға наразылық білдіру мақсатында көтеріліске шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша аталған акциялар кезінде 20 адам қаза болғандығы белгілі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз