Астанада республикадағы барлық білім басқармаларының өкілдерінің басын қосқан жиында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев:

«Елбасының биылғы жолдауында мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы берген тапсырмасына орай,  бұл мәселеге келгенде ешқандай сұрақ қалмаған шығар. Дегенмен, директорлар мен оқу ісінің меңгерушілері «біз қайықтың сыртында қалып қалдық» деп жатыр. Әдістемешілер де осындай өкпелерін білдіретіні даусыз. Алдын ала есеп бойынша, барлығы қамтылған еді. Бірақ, категориялар өте көп екенін білесіздер. Сондықтан, Қаржы министрлігімен талқылау кезінде уақыт тығыз болғандықтан, үкіметтік деңгейде «алдымен мұғалімдердің айлығын өсірсек» деген тоқтамға келдік. Себебі, мұғалімдердің айлық мәселесі қиындап кеткені рас»,— дей келіп, министр болашақта мектеп директорларының жалақысын көтеру үшін әкімдіктерге өтініш айтатынын да жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз