“Индустрияландыру жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс”, — дейді Елбасы Жолдауында. Ол жаңа технологиялық даму үдерісінде қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертпек.

“Денсаулық сақтау ісі — дені сау ұлттың негізі”, — деп те Нұрсұлтан Әбішұлы дұрыс айтып отыр. Халықтың өмір сүру ұзақтығына және технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі артып келеді. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс. Бұл айтылған сөзбен де толық келісемін. Өйткені кезінде жұмыс, үй-күй деп денсаулығына атүсті қарағандар, қазір ем іздеп ауруханалардан шықпайды. Сондықтан жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық денсаулықты басқаруға мән берілу керек.
2017 жылдан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы 30 пайызға дейін арттырылды. Және бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі де өсті. Мұндай әлеуметтік саладағы өзгерістердің тигізер көмегі зор. Білім жүйесіндегі реформалар, мұғалімдер жұмысына қойылатын талаптар мен олардың еңбектерінің бағалануы да мені қуантып отыр.

Әдия Ахметова,
облыстық ардагерлер кеңесі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз