Жолдаудауға қолдау

   «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Азиз Кажденбек: «Жастар саясатында жүргеннен кейін Жолдаудағы кадрлық ресурстарды дамыту бізге өте жақын. Төртінші міндет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да жастар үшін өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені қазір жоғары оқу орындарында ашылып жатқан цифрлық кабинеттер жастардың болашақта өнімді жұмыс істеуіне түрткі болады. Елбасы әрдайым болашақ жастардың қолында, мен жастарға сенемін деп жатады. Біз белсенді жас болғаннан кейін Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге атсалысуға, түсінуге және соны енгізуге үлес қосу үшін жұмыс істейміз. Мысалы, Жолдаудағы адам капиталының сапасын арттыру деген жетінші міндетке келер болсақ, біз «Еріктілер Лигасы» ретінде жастардың ішкі рухани дамуына үлес қосуға тиіспіз. Еріктілер қозғалысының арқасында олардың патриоттық сезімдерін дамытуға, осы қоғамға үлес қосуына, ой-санасын арттыруына көмектесеміз. Бізді белсенді, алғыр жастар деп таныған соң осы қоғам мен жастар арасындағы қарым-қатынасты дамытып, Қазақстанның өркендеуіне атсалысамыз. Еріктілер қоғамы – жастар мен Жолдау арасындағы байланыстырушы. Біз Жолдауға қолдан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз»,— дейді.                              

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз