Парламентте елдегі шенеуніктер санын қысқарту мәселесін көтеріген депутат Азат Перуашев: «Әсіресе, кейбір қызметі мен құзіреті жеке компанияларға берілген министрліктегі атқамінерлерді азайту керек. Өйткені, мүйізі қарағайдай ведомствалардың бірқатар өкілеттігі жеке мекемелерге берілсе де, әлі бюджеттің мойнында отыр.

Тіпті Үкімет оларды қаржыландыруын тоқтатар емес. Яғни, жұмысы азайса да, баяғысынша жалақысын алып жылы кабинеттерінде отыр. Үкімет аз еңбек ететін шенеуніктердің басқа да жұмыстары бар деп түсініктеме беріп отыр. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Елбасы бастаған Ұлт жоспарының 97 қадамында мемлекеттік фнкцияларды өзін-өзі басқару мекемлеріне бергеннен кейін біз компактты, яғни шағын үкіметке көшуіміз керек деп талап қойған. Ал Үкімет өз жауабында президенттің тапсырмасына қарама-қайшы шығып отыр»,— деген уәжді алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз