Ұлттық банк алтын валюта резерві қорындағы бағалы металл көлемін шетінен арттырып келеді. Дүниежүзілік алтын қоры кеңесінің мәліметінше, алтын валюта резерві қорындағы құнды металлдың көлемі алғаш рет 2018 жылдың 1 ақпанында 301 тоннадан асты.

2017 жылдың 1 желтоқсанындағы бұл көрсеткіш – 291,9 тонна. 2016 жылы Ұлттық банктің алтын қоры 258,1 тонна болды. Алтын қоры бойынша Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде 18-і орында тұр. Жоғарыда аталған тізімде бірінші орынға АҚШ жайғасқан. Аталған мемлекеттегі алтынның қоры — 8 133,5 тонна. Көрші Ресей 1 838,8 тоннамен 7-і орынға жайғасты.

Қытайдың алтын қоры Ресейден асып түсті. Аспан асты еліндегі алтынның қоры – 1 842,6 тонна. Данияр Ақышев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде 2017 жылы алтын қорының резерві 30,7 млрд долларды құрағанын айтты. Оның бағалауынша, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. Банк резервтері 3 пайыз өсіп, 31,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің шетелдік валютадағы активтері 58,3 млрд доллар болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз