22,6 млрд актив әлі бұғатта

0
2962

LS басылымы: «Амстердам сотының ақшаны бұғаттау туралы шешіміне қарамастан Қазақстандық Ұлттық қордың $22,6 млрд активі әлі де бұғаттаулы».— деп хабарлайды.  Бизнесмендердің өкілі Анатолий Статидің қолындағы деректерге сүйенсек, Амстердам округтік сотының қаулысы ақшаны босатуға заңды түрде әсер ете алмаған.

Себебі, бұл шара бірінші инстанциядағы Брюссель сотының шешіміне сәйкес жасалған. Ал, ол шешім тек осы заң институтындағы тергеуден кейін ғана күшіне енеді. «Брюссель сотының қаулысы – 2017 жылдың тамызынан бері еуропалық соттардың түрлі шешімдерінің бірі. Соның нәтижесі бойынша Стати тарапы қазақстандық қаржыны – $28 млрд-ты Нидерланды, Бельгия, Швеция, Люксембургте бұғаттай алды», — делінген ақпаратта.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.