Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Нарматовтың қатысуымен брифинг өтті.

Сонда сөйлеген департамент басшысы: «Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындайтынын айтты. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 және базалық зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар 6 пайызға дейін арттырылды.

Базалық зейнетақыны қоса алғанда, ең төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теңгені құрайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толған, бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау қағидалары мен тәртібін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзім ішінде әзірлеп, халық назарына жеткізетін болады. Осылайша, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру сапасын ұдайы арттыруға бағытталған», – деп түсінік берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.