КТК арнасы:  «Өскеменге аттары әлемге әйгілі кино актерлер -Марк Дакаскос, Бай Лин, Кэррри Тагава, Маикл Мэдсен және Эрик Робертс келді.

Олар өңірдің табиғаты мен мәдени құндылықтары туралы деректі фильм дайындап қана қоймай, өздерінің болашақ түсірілімдері үшін қажетті жерлерді де айқындамақ. Мұндай жұлдыздарды экраннан емес, өз кабинетінде көру бақытына ие болған облыс әкімі Даниял Ахметов ағылшын тілінде сөйлеп, қонақтарын таң қалдырды.

Марк Дакаскос үшін Қазақстан жері таңсық емес. Оның басынан дауы арылмаған әйгілі «Көшпенділер» фильмінде басты рольді сомдағаны белгілі. Режиссер Квентин Тарантиноның сүйікті актері Майкл Мэдсен және Эрик Робертс қазақстандық киногерлердің шақыруымен келіпті. Жұлдыздар Шығыс Қазақстанның 4 ауданын аралап, Семей полигонына да ат басын бұрмақ.

Олар осы сапары жайында «Шығыс Қазақстан облысының бренді» атты деректі фильм монтаждап, National Geografic және BBC арналарына шығаруды жоспарлапты.  Шығыс өңірінің кадрлары олардың болашақ түсірілімдеріне де қажет болуы мүмкін»,— деп хабарлайды. Ал қазақтардың жапондықтармен ұқсастығын байқаған Малибу құтқарушысы Кэрри Тагава: «Жапон болсам да қазақтармен генетикалық байланысым барын сеземін. Сіздің елге келген сайын өзімді қыдырып емес, туған жеріме келгендей боламын. Болашақта Қазақстан азаматтығын алсам ба деп ойлап жүрмін», — деп, ағынан жарылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.