Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады. Кездесу барысында министр Елбасына өзі басқарып отырған ведомствоның қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударып, Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз