2017 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек: «2018 жылдың бюджеті нақтыланғанға дейін әкімдіктер тұрғын үй инфрақұрылымына қажетті жобалық құжаттарын Үкіметке жібермейінше оларға қаржы бөлінбейді. Былтыр Парламент пен Үкімет 2018 жылдың бюджетін жоспарлады.

Сол кезде бірнеше облыста инфрақұрылымға қажетті жобалау құжаттары болмаған. Қазір әкімдіктер селекторда отыр ғой. Былтыр бюджетті жоспарлағанда арнайы 80 млрд теңге бөлінген.

Бірақ әкімшіліктердің берген құжаттары тек 38 млрд теңге болды. Биыл ол инфрақұрылымды салмасақ, онда келе жатқан 2019-2020 жылдарда тұрғын үйлерді сала алмаймыз деген сөз. Екі-үш айдың ішінде мемлекеттік бюджет нақтыланады, сол себепті әкімдіктер қажетті жобалық құжаттарды тез арада Үкіметке жіберулері тиіс. Әкімдіктерге керек құжаттарды осы бір-екі аптаның ішінде бізге тапсыруларыңыз қажет деп отырмыз. Барлығын сараптамадан өткізіп, министрлікке беру керек. Бізде қазір оған бөлінген қаржы бар. Осы айдың ішінде оны істемесек, онда облысқа осы жылы ол қаржы бармайды деген сөз», – деп қатаң ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.