Қаржыминінде журналистерге: «Мемлекеттік қарыз дегеніміз не және мемлекеттік қарызды үкіметтіктен қалай ажыратуға болады?»— деген сауалға жауап берген  кезекті семинар-тренинг өтті.

Оны өткізген Руслан Мейрханов: «Мемлекеттік борыш — бұл ҚР Үкіметінің, Ұлттық Банктің және жергілікті атқарушы органдардың белгілі бір күнге жиынтық борышы.

Үкіметтік борыш — Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы. ДЭФ-тің соңғы есебіне сәйкес, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан мемлекеттік борыш көлемі бойынша әлемнің 137 елінің ішінде рейтингте 11 орынды алып отыр. Соңғы 10 жылдық кезеңде Қазақстанның міндеттемелері ғана емес, сонымен қатар әлемнің жетекші экономикалары да өсті»,— деп атап көрсетті.

Семинар барысында инвеститциялар және экономикадағы жинақтар, бюджет тапшылығы мен профициті, қарыз қаражатының нарықтары-бюджет тапшылығын қаржыландыру құралдары және т.б. талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз