Әділет министрлігінде өткен контрафактілік өнімдер мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел іздестіру қызметі департаментінің сарапшы-офицері Эльмира Қалығұлова:

«2017 жылы бағдарламалар мен компьютерлік ойындарды заңсыз жолмен дискілерге көшіріп басатын жасырын 9 цех анықталды. Өткен жылы авторлық құқық және сабақтас құқықты бұзуға қатысты істер бойынша Экономикалық тергеу қызметі жедел жолмен 179 істің 123-і қылмыс екенін анықтады. Бұл – DVD дискілерді және Sony PlayStation приставкасына арналған контрафактілік ойындарды және «1С-өндіріс» бағдарламасының заңсыз таратуға байланысты. Сонымен қатар осындай дискілерді жасайтын 9 жасырын цех анықталды»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз