Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында: «Қазіргі кезде орта білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын ер азаматтардың үлес салмағы небәрі 18 пайыз ғана болғандықтан, оқушы ер балаларымыз «қыз мінезді» болып барады деген пікірлер айтылып жүр. Осыған орай жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға ер азаматтардың қабылдануына арнайы жеңілдіктердің тетігі қарастырылса дейміз. Құрметті Бақытжан Сағынтаев, осы айтылғандарды ескере отырып мұғалімдердің ар-ождандарын қорғауға, беделін арттыруға байланысты кешенді шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беруіңізді сұраймын»,— деді. Еске сала кетсек, ол ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттік органдар секілді мектепте де видеокамерасы бар және интернетке қосылған құрылғыларға тыйым салуды ұсынған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз