Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда қырғызстандықтардың ұсталуына қатысты мәліметтер алу үшін Қазақстан консулы Е.Әбішевке нота берді. Онда қырғыз СІМ-і: «Қырғыз Республикасы СІМ-і аталған мәліметтердің расталуына немесе жоққа шығарылуына, расталған жағдайда ұсталғандар туралы және болған оқиғаның мән-жай туралы толық ақпарат беруге қатысты нота тапсырып, қазақстандық тараптан ақпарат күтеді»,— делінген.

Осыған байланысты Қазақстан СІМ-і де 2018 жылы 16 ақпанда Астанадағы Қырғызстан Республикасының елшілігіне Қазақстанда Қырғызстан Республикасы азаматтарының ұсталғанын ресми түрде хабарлап, оның 1963 жылғы Консульдық қатынастар туралы Вена конвенциясына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 135-бабына және Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағидасына сәйкес іске асырылғанын жеткізді. Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов: «2018 жылы 17 ақпанда Қырғызстан СІМ мекенжайына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасы жолданды, онда Қырғызстан Республикасының азаматы Асылбекұлы Дамирбектің ұсталғаны туралы мәлімет бар.

Ведомство қырғыз елшілігімен үнемі байланыста және оларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау оргадарымен байланысып отыруына қолғабыс етіп отыр», — деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз