Бұған дейін ақылы жолдар бюджетке 45 млрд теңге алып келеді деп болжанған еді. 2022 жылға қарай республикалық маңыздағы ақылы автомобиль жолдары 72 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» стратегиясына 2013-2022 жылдарға арналған түзетулерде айтылған. Инвестиция және даму министрлігінің мәліметінше, мұндай жолдардың жалпы ұзындығы – 23 мың шақырым. 2018 жылы ақылы жолдардың үлесі 25 пайыз болса, 2019 жылы 27 пайыз болады. 2020 жыл бұл көрсеткіш 45 пайызға дейін, 2021 жылы 63 пайызға дейін күрт көтерілуі мүмкін. Құжатта: «Мұндай көрсеткіштерге жету автожолдардың құрылысы, жөндеу және қайта жөндеуге байланысты болмақ.

2020 жылға қарай «Орталық-Шығыс» халықаралық жолдарды қайта жөндеуден өткізу, ал одан кейін «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Батыс» жобаларын іске асыруды жалғастыру көзделгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, стратегияға сәйкес, «Астана – Қостанай – Челябинск», «Таскескен – Бақты», «Омбы – Майқапшағай», «Үшарал – Достық», «Самар – Орал – Ақтөбе» желілері мен «Атырау – Ақтөбе», «Атырау – Ақтау», «Астана – Петропавловск – Ресей Федерациясы шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт», «Орал – Тасқала» жер учаскелерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылуы керек.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен, Ақтау – Бейнеу, Қостанай – Қарабұтақ, Үшарал – Достық, Осинов өткелі, Таскескен – Бақты, Щучинск – Зеренді және Қордай айналма жолдарын қайта жөндеуден өткізетін болады. Жоғарыда атап өткен жобаларды іске асыру нәтижесінде 2020 жылы І және ІІ категориялы автожол санын 33 пайызға ұлғайту жоспарланған Сондай-ақ 10,2 мың шақырымға созылған республикалық маңызы бар тас жолдарға орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек»,— делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз