Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері бизнеске тартылып жатыр. Өңірде бұған дейін әсіредіншіл деп танылған 350-ден астам адам кәсіпкер ретінде тіркелді.

Осыған байланысты облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов: «Бүгінде шағын цех ашуға, жолаушы тасымалымен айналысуға ден қойғандар көп. Билік осылайша адасқандарға психологоиялық кеңес беріп қана қоймай, жұмыс табуына да көмектесіп жатқан көрінеді. Жүзге жуық қыз-келіншек сұлулық салоны шебері мен тігіншілік ісіне машықтанып жүр. Арнайы курсты тәмамдаған соң жеке кәсіп ашады немесе жұмысқа орналасады. Облыста бір жыл бұрын дәстүрлі емес діни ағымда жүрген 2 мыңдай адам болған.

Түсіндіру шараларының нәтижесінде олардың 400-і түзу жолға түскен.  327 әйел адам бала күтімімен демалыста отыр. Олар да бос уақытын тиімді пайдалану үшін фитнес орталықтарына, кондитерлік цехтарда жұмыс жасауға, іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасын таба беретін болады»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз