ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік департаменті директорының орынбасары Бекет Әлиғожин: «Өткен жылы тауарлық таңбаларды заң аясында қорғау бойынша 208 тексеру жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзу бойынша 168 хаттама толтырылып, 157 азамат жауапқа тартылды.

Нәтижесінде 1 16 млн теңге көлеміндегі контрафактілік тауарлар тәркіленді. Құқық иесі бұл туралы біледі. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз, себебі бұл заңсыз әрекеттен келген шығынның көлемін тек құқық иесі ғана біледі. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңның аясында әділет министрлігі тауарлық таңбаларды тексеріп, талапты бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.

Ал авторлық құқық және өнертабысының құқығын қорғауға ішкі істер министрлігі жауап береді. Заңсыз өнімдердің басым бөлігі Қытайдан келеді. Сондықтан осындай деректерді анықтау үшін тиісті орындарда, шекарада жұмыстар жүргізеді. Кеден қызметі мұндай тауарларды тәркілеп, оны біздің нарыққа жібермейді. Кейін кедендік кодекске сәйкес олар құқық иесіне тиісті хабарлама жібереді, сондықтан құқық иесі сот арқылы әкімшілік істі қозғай алады немесе құқық қорғаушылардан көмек сұрайды»,— деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз