Оқулықтарды электронды нұсқада қолдануға болады

0
2835

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов: «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 3, 6, 8-3 сынып оқулықтарын электронды түрде пайдалану мүмкін болмақ. Бұрындары кітаптар 4 жылда бір рет басып шығарылатын. Қазір кітаптар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары өзгергенде ғана шығарылады. Егер МЖМБС өзгермесе, әрине, кітап қолдануға жарамсыз болмаса, кітаптар қайта басып шығарылмауы тиіс. Біз қазір нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгіздік.

Ата-аналар QR-код арқылы планшетіне, смартфондарына орнатып алу үшін 2018 жылы 3, 6, 8-і сынып оқулықтарының міндетті түрде электронды нұсқасын жасаймыз. Біз ең бірінші бала мен оның ата-анасына электронды нұсқаны қолдану құқығын береміз. Бүгінде Қазақстан мектептеріндегі 1, 2, 5, 7-3 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен. Оқушылардың 42  пайызы осы мазмұн бойынша оқып жатыр», — деп мәлімдеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.