Монти деген бала туралы хикая. Ол бала 16 жасқа келгенде өскенде кім болатыны туралы шығарма жазу керек болады. Монти арманын жазуға ұзақ ойланады, қатты қиналады. Ол ранчоның қожайыны болсам деп армандайтын. Ол қандай ранчода тұрсам деп он парақты шимайлап тастайды. Барлық сарайдың, қораның, жолдың суретін салып, жоспарлайды. Тіпті тұратын үйдің де сызбасын сызады. 8000 фут квадратқа татитын зәулім ғимарат. Келесі күні Монти шығармасын мұғаліміне береді. Үш күннен кейін мұғалім қою қызылмен екілікті қонжитып, шығармасын қолына қайтарады.

«Сабақтан кейін қал» деген жазу қалдырыпты. Арманы бар бала сабақ біткен соң мұғалімге келіп, не үшін екілік қойғанын сұрайды. «Өйткені, мұндай арман сен сияқты балада орындалмайды. Мұндай ранчо салу үшін саған өте көп ақша керек. Сен де ақша бар ма? Жоқ. Сен өте кедей тұрады емессің бе? Бұл арманды орындауға еш мүмкіндігің жоқ. Орындалмайтын арман. Мен саған былай дейін. Үйге бар да басқа шығарма жаз. Мынаған қарағанда әлдеқайда өмірге жақын, тез орындалатын арманыңды суретте. Сонда саған басқа баға қоятын шығармын» дейді мұғалім.
Бала үйіне келеді де әкесінен ақыл сұрайды.

Әкесі былай депті: «Қарғам-ау, мен бұл істе саған ақылшы емеспін. Меніңше, ол тек сенің шешімің болуы керек. Ішкі түйсігім сол шешім сен үшін өте маңызды болатынын сезіп тұр» дейді. Монти әкесінің сөзін бір апта ойланып, қорытып жүреді. Ақырында мұғалімге ескі шығармасын қайтарады. «Сіз екілікті өзіңізге қалдырсаңыз болады, мен арманымды өзіме қалдырамын» дейді. Біраз уақыт өтеді. Монти баяғыда мектепті бітірген. Ересек адам. Өзін тыңдап отырған бір топ адамға басынан кешкен осы хикаяны айтып беріп тұрған. «Мұның барлығын айтып тұрғаным, қазір сіздер аумағы 4000 фут квадраттан асатын менің жекежайымда қонақта отырсыздар, менің ранчом 200 акр жерді алып жатыр. Ал, баяғы шығарманы каминнің жоғарғы жағына іліп қойдым» – дейді ол.
– Бұл хикаяның ең қызық жері – үш жыл бұрын сол мұғалім осы ранчоға 30 оқушысын әкеліп, бір апта бойы менің ранчомды мекендеді. Кетерінде ол маған: «Білесің бе, Монти, саған енді айтсам болатын шығар деймін. Сенің мұғалімің болған кезде арман ұрлаушы болыппын. Сол кезде көп баланың арманын ұрлағаныма қатты өкінемін. Бірақ сен өз арманыңды қорғай алғаныңа қуаныштымын» деді.
Ешкімге арманыңды ұрлап алуға мүмкіндік берме. Кім не десе, о десін. Арманыңа қарай адымда. Жүрегіңе сен! 


Аударған Шынар Әбілдә

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз