Енді банктер қызметі үшін комиссия алмайды

0
3020

Мәжілістің пленарлық отырысында «Меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында Әділет министрі Марат Бекетаев: «Аталған заң жобасы Елбасының меншік құқығын қорғау туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Банктік қарыз шарттары бойынша түзетулер енгізіледі.

Несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Осы мақсатта банктерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз беру шарттары бойынша, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептеуге, банктік шотты жүргізгені үшін комиссия беруге және алуға шектеу қойылған.

Себебі аталған операциялар — кредиттеу процесінің құрамдас бөлігі. Сондықтан олар бойынша жеке тұлғалардан комиссия алынбауы тиіс. Жеке тұлға болатын қарыз алушы берешегінің жасанды ұлғаюын болдырмау үшін олардың жылжымайтын мүлік ипотекалық шарттары бойынша алты айлық мерзімі өткізіліп алынғаннан кейін банктік пайыздарды есептелуін тоқтата тұру қарастырылады», — деген түсінік берді. Аталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының талқылауынан соң бірінші оқылымда мақұлданды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.