ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау мұнай-газ университетімен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі және болашағы»  тақырыбына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция  өткізді.

Мемлекеттік басқаруды тиімді етуге және имидждік саясатты дамытуға байланысты ұсыныстарды енгізу арқылы мемлекеттік органдар басшыларымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен  және профессорлы-окытушылық құраммен оларды талқылауды мақсат еткен шараның берері мол болды.

Конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов, Атырау облысының мемлекеттік орган басшылары, жоғары оқу орындары басшылары, үкіметтік емес ұйым және профессорлы-оқытушылық  құрам  өкілдері қатысты.

Конференция барысында 7 баяндама оқылып, пікірталастар айтылды. Мемлекеттік қызметтің дамуына үлесін тигізетін ұсыныстар ортаға салынып, тиісті шешімдер қабылданды.

                                                                                              Светлана Муньянова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз