Қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

0
713

Қарабатанда орын алған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалин мәлімдеді. Оқиғаға орай Атырау облысы әкімінің  бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың басшылығымен  жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел штаб құрылды.

Жедел штаб құрамында Атырау облысы ІІД-нің тергеу жөніндегі орынбасары Мультагуллин Н.С., Атырау облысы ТЖД басшысы Өмірзақов С.С, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Біләлов Р.Б., өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Жұманов А.Д, Атырау облысы ТЖД УКП БОПБ басшысы Бержанов Ж.У. , «PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі, Қарабатан компаниясының тапсырыс берушісі АҚШ өкілі Шамин С . бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердашев жеделштаб құрамы жөінінде әңгімелеп берді.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта жұмысшылардың бірінің денесінің 65 %- ын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның  денесінің жоғарғы бөлігін және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған, екінші зардап шегушінің денесінің 10-15%-ы күйген, ол жарақат бөліміне орналастырылған. Олардан бөлек  төрт жұмысшының екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген, оларға амбулаториялық емдеу тағайындалып,  қайтарылған.

–        Өрт таңертең 8.10 да шыққан, 8.19 да өрт туралы ақпарат «Батыс сервис плюс» Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне келіп түсті. Біз 42 км қашықтықта болдық. Біздің бөлімшелер өрт орнына келді. Сондай ақ 10 км қашықтықта НСОС компаниясының Қарабатандағы  апаттық қызметі орналасқан, оларда өрт сөндіру жұмысына қатысты, –  деп мәлімет берді Замир Бердашев.

«PSI Story industriya» АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалин контейнерлік жатақханада болған өрт салдарынан қаза тапқан барлық адамдар ОҚО-ның азаматтары екенін айтты. олар осында жөндеуші-монтаждаушы болып жұмыс істеген. Компания өкілінің айтуы бойынша қазіргі уақытта аталған нысанның жұмысы тоқтатылған. Компания басшылығы қаза болғандардың отбасына материалдық өтемақы көрсетіп, сондай- ақ зардап шеккендердің еміне қажетті қаражатты төлейді.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрттің аумағы 480 шаршы метрді құрады,  өрт сөндіруге жеке құрамның 36 адамы және 11 бірлік техника қатысқан.

Қазіргі уақытта өрт болған жерде шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде. Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатын болады.

                                                                                С.Муньянова

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.